Сирияның аяққа тұруына 55 жыл қажет

157

Бұл ең ауыр дағдарыстардың бірін бастан кешіріп жатыр.

Сирияның аяққа тұруына 55 жыл қажет Фото: islam.ru

БҰҰ Даму Бағдарламасының жаңа баяндамасына сәйкес, Сирия экономикасы қалпына келуі үшін жоқ дегенде 55 жыл қажет болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта көрсетілгендей, діттеген межеге жету үшін экономикалық өсім алты есе артуы тиіс.

"2011 жылдан бастап Сирияның ЖІӨ 50%-дан астамға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі үш есеге артты. Қазір ел халқының 90%-ы кедейлік шегінен төмен деңгейді өмір сүреді. Ал әрбір төртінші тұрғын жұмыссыз. Сирияны қалпына келтіру үшін гуманитарлық көмек жеткіліксіз. Негізгі салаларға ұзақ мерзімді инвестициялар бағытталуы қажет", - деп жазады БҰҰ баспасөз қызметі.

БҰҰ Даму Бағдарламасының есебі бойынша экономиканың қазіргі өсу қарқыны жылына 1,3% болған жағдайда, Сирияға соғысқа дейінгі деңгейге оралу үшін 55 жыл керек. Егер өсім жылына 5%-ға дейін болса, бұл кезең 15 жылға дейін қысқаруы мүмкін. Бірақ та, барлық экономикалық шығынды өтеу үшін ел жыл сайын 14% өсім көрсетуі қажет екені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу