Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Сирия күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді және екіжақты ынтымақтастықтың өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz.
Ә.Бақаев Сирияның Елшісі Б.Джаафариге сәттілік тілеп, оның Қазақстандағы жауапты миссиясы кезінде өзара нәтижелі әріптестікке үміт білдірді.
Сирияның елшісі өз кезегінде, жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Астана мен Дамаск арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайындығын растады.