Сирияның оппозициялық қарулы күші өкілдері бүгінгі күнге дейін Астанада Сирия бойынша келіссөздерге қатысу үшін ресми шақырту алмаған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеп kazislam.kz.
Бұл туралы Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөзде әскери делегация мүшесі Фатех Хассун хабарлады.
Айта кетсек, Сирия мәселесіне арналған келіссөздің алтыншы отырысы Астанада 14-15 қыркүйек күндері өтеді.
"Әзірге ресми шақырту алмадық. Кепіл мемлекет ретінде Түркия ресми шақыру жібермеді. Жалпы, Астанада келіссөз уақытынан 4-5 күн бұрын Түркия арқылы ресми шақыру келуі керек", - дейді Хассун.
Оның айтуынша, Сирияның оппозициялық қарулы күш делегациясының құрамына өзгеріс енгізілмейді, бұған дейін Астанада өткен келіссөздегі құраммен келмек.