"Сиыр етінен торт": Алматы хайуанаттар бағындағы Фидель 40 жасқа толды

360

Фидель ветеринарлардың тұрақты бақылауында.  

"Сиыр етінен торт": Алматы хайуанаттар бағындағы Фидель 40 жасқа толды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы хайуанаттар бағындағы кубалық қолтырауын Фидель 40 жасқа толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол зообақтағы ең танымал тұрғындардың бірі саналады.

Фидель 1986 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Рига хайуанаттар бағынан Алматыға жеткізілген. Қазір оның ұзындығы шамамен 4 метр.

Мерейтойына орай зообақ мамандары Фидельге сүйікті асы – сиыр етінен арнайы мерекелік "торт" дайындады.

Қызметкерлердің айтуынша, қолтырауынның жағдайы жақсы. Ол белсенді және ветеринарлардың тұрақты бақылауында.

Кубалық қолтырауындар бірнеше ондаған жыл өмір сүре алады. Фидель аптасына бір рет тамақтанады. Себебі бауырымен жорғалаушылардың азықты қорытуына ұзақ уақыт қажет.

Әдетте Фидель әр сейсенбі күні сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін тамақтандырылады. Осы уақытта хайуанаттар бағына келгендер оның тамақтану сәтін тамашалай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу