Сиыр сауып, сүт өткізіп отырған халыққа салық төлеу міндеттеліп жатыр

1480

Алматы облысындағы Жалғызғаш ауылының 100-деген тұрғынына кіріс салығын төлеу туралы жаппай хаттама келген, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Сиыр сауып, сүт өткізіп отырған халыққа салық төлеу міндеттеліп жатыр

Онда, үйіндегі сиырының сүтін сатып, жан бағып отырған азаматтар салық төлеу керектігі айтылған.  Хаттама дерегінше  бір жылда әр ауыл тұрғыны кемінде 450-650 мың теңгеге дейін сүт өткізген. Дәл осы көрсеткіш тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызды. Олар мұнша табыс көрмегендерін айтып, құзырлы органдардан мәселенің мән-жайын анықтауды талап етуде. Бірі біздің ту сыртымыздан тон пішіп, табысымызды еселеп көрсетіп жіберген десе, сүт жинайтын кооператив өкілдері  қанша сүт өткізді, солай көрсетілген деп отыр. Ал мемлекеттік кірістер басқармасындағылар арнайы тексеру барысында кіріс пен шығыс құжаттарында жазылған соманы көрсеткенін алға тартады. Сондай-ақ салық салушылар сүт өткізетін тұрғындарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді міндеттеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу