Дәулет Мұқаев министрді сұрағымен састырып қойды

Депутат Дәулет Мұқаев мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысы қашан ұлғаятынын да сұраған.

Дәулет Мұқаев министрді сұрағымен састырып қойды Фото: inbusiness.kz

Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға өткір сұрақ қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутат мүгедектігі бар жандарға қосымша қаржы бөлу туралы өз комитеті жиі көтеретінін айтап отыр. Сондай-ақ, жауапты министрліктің шығындары бюджеттің атқарылуы туралы есебінде өзгеріп кететініне тоқталды. 

– Әлеуметтік-мәдени даму комитеті республикалық бюджетті қалыптастыруда мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақыны арттыру үшін қосымша қаражат бөлу қажеттігі туралы мәселені үнемі көтереді. Сәйкесінше, бізге де хаттар, өтініштер өте көп келеді. Бұл мәселе шешімін таппай отыр. Үкімет өз жауабында осы мәселені қаржылық экономикалық ахуал жақсарғаннан кейін қайта қарастыруды ұсынады. Алайда бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті қараған кезде жыл сайын сіздің министрліктің шығындары айтарлықтай түзелетініне куә боламыз. Бұл негізінен 027-ші, яғни азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу бюджеттік бағдарламасы бойынша орын алуда.

Мысалы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағдарлама 25,7 млрд теңгеге қысқартылды. Ал енді осы жылы да осындай жағдай қайталанып отыр. Сіздердің ауызша берген ақпараттарыңыз бойынша, бұл сомма 69,3 млрд теңгеге түзетілді. Неліктен сіздің министрлік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған шығыстарды жыл сайын өзгертуге әуес? Одан кейін министрлік бюджетінде үнемі резерв болатыны белгілі. Осыған орай мүгедектігі бар жандарға жәрдемақыларын қашан ұлғайтпақ ойларыңыз бар? – деп сөзін жалғады депутат. 

Өз кезегінде Светлана Жақыпова ең бірінші мақсат – қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатынын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу