"Сізге біреу айтып тұрған сияқты": Аймағамбетов мектеп директорының "есебін" тоқтатып тастады

1457

Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесі жағдайына арналған "дөңгелек үстелде" күтпеген оқиға орын алды.

"Сізге біреу айтып тұрған сияқты": Аймағамбетов мектеп директорының "есебін" тоқтатып тастады Фото: gov.kz

Дөңгелек үстелге қатысушылар мәселені талқылауға кіріспес бұрын, Zoom бағдарламасы арқылы өңірлерден келген ұсыныстарды тыңдау үшін сөз кезегі Теміртау қаласындағы №12 орта мектеп директоры Сәуле Қайырбекке берілді. Алайда қатысушылар ұсыныс орнына директордың мектепте атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдаған, деп жазады inbusiness.kz tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дайын есепті оқымай, нақты сұраққа жауап беруді өтінгеннен кейін мектеп директоры монитордың артына қарай бастаған.

Дөңгелек үстелдің модераторы, экс-білім және ғылым министрі, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасы Асхат Аймағамбетов бұл мәселе "өзгенің көмегінсіз" болмағанын айтты.

"Жаныңызда біреу бар және сізге айтып тұрған сияқты. Өйткені жауап бергенде үнемі жан-жағыңызға қарайсыз. Бұнда сізге көмектескіміз келеді. Қандай жүйелі мәселелер бар? Біз соны білгіміз келеді. Сіздің мектеп қауіпсіздік агенттігімен неге келісімшарт жасады немесе жасамады? Есеп беруді талап етпейміз. Жарайды, жақсы, рақмет", – деп Аймағамбетов күліп есепті тоқтатты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу