"Сізге гүл жіберді": Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды

605

Алаяқтар жалған хабарлама жіберіп, код сұрау арқылы WhatsApp аккаунтты бұзудың жаңа тәсілін ойлап тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сізге гүл жіберді": Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды Фото: gov.kz

"Телефоныңызға "тапсырысты жеткізу" деген хабарлама келуі мүмкін немесе бейтаныс нөмірден қоңырау шалуы мүмкін. "Сізге біреу гүл жіберді, қабылдау үшін растаңыз, сілтеме арқылы өтіңіз, келісім беріңіз" деген түрлі мазмұнда хат жазуы мүмкін. Осылайша, гүлді алу үшін сілтеме арқылы өтуге немесе смс-код айтуға өтініш жасайды. Егер осындай оқиғаға тап болсаңыз, алаяқтың арбауына түсіп, айтқанын істемеңіз. Осылай алаяқтар сілтемелер арқылы жеке деректерге қол жеткізеді", – деп мәлімдеді Қостанай облысы Полиция департаментінің Оңтүстік бөлімі басшысының орынбасары Дамир Раисов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу