"СҚ-фармация" басқармасының экс-төрағасы Берік Шәріп қамауға алынды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бірқатар ақпарат құралдары дереккөздеріне сүйеніп осындай мәлімет таратуда. Бұл ақпаратты анықтау үшін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне хабарластық. Ондағылар бұл ақпаратты растамады. Алайда, жоққа да шығармады. Агенттіктің баспасөз қызметі Берік Шәріпке қатысты арнайы ақпарат әзірленіп жатқанын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу