"СК-Фармация" ЖШС-нің басқарма төрағасы Максим Касаткин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның нұсқауымен ұсталды, деп хабарлайды AstanaTV.
Әзірге нақты қандай айып тағылғаны белгісіз. Басшысының қамауға алынғанын "СК-Фармация" баспасөзінен де растады.
Касаткиннің ЖШС-ны басқарғанына әлі бір жыл да болған жоқ. 2017 жылдың ақпанында бұрынғы басшы Нуржана Алибаев президенттің сынынан кейін жұмыстан кетуінен кейін төрағалық тізгінді ұстаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу