Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1-тоқсанында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы "СК-Фармация" ЖШС қызметінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, СК-Фармацияда халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету, фармацевтика саласы мен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға кедергі келтіретін елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Біріншіден, шекті бағаны қалыптастыру кезінде өндіруші немесе жеткізуші мәлімдеген дәрі-дәрмектердің құны ескеріледі. Содан кейін бұл сомаға үстеме ақы төленеді. Сонымен, жеткізу шығындары - 15%, маркетинг – 30%, көтерме және бөлшек сауда 10-нан 55 пайызға дейін құрайды. Бұл есептеу кезінде тасымалдау мен сақтаудың бірдей шарттарына қарамастан, қымбат дәрі-дәрмектерге жеткізілім бағасы арзан дәрі-дәрмеккеа қарағанда жоғары болады. Осындай баға механизмінің нәтижесінде соңғы тұтынушы медициналық препараттарды өзіндік құнынан кемінде екі есе қымбат сатып алады", – деді ол.
Оның атап өтуінше, жекелеген жеткізушілердің мүдделерін лоббилеу, жеткізушілердің картельдік сөз байласуы, отандық өндірістің ойдан шығарылған ұйымы фактілері анықталған.
Сол компаниялардың СК-Фармация тендерлеріне жұппен қатысу фактілері белгілі болды. Бұл картельдік келісімнің белгілерін көрсетеді. Компаниялар бір-біріне бәсекелес болып, жеңістер кезек-кезек берілген.
"Талдау қорытындысы бойынша агенттік 100-ден астам ұсыныс енгізді. Денсаулық сақтау министрлігі Жол картасын бекітті және іске асырып жатыр", – деді Данияр Бегайдаров.