"СҚ-Фармация" қоймаларына мониторинг жүріп жатыр

1231

Мониторинг тобы "СК-Фармация" ЖШС қоймаларының бірінде болды. Осы қоймадан түрлі елдерден келген гуманитарлық көмек өңірлерге үлестіріледі.

"СҚ-Фармация" қоймаларына мониторинг жүріп жатыр

 

Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен "СҚ-Фармация" қоймаларына мониторинг ұйымдастырды. Агенттікте Бірыңғай дистрибьютор қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мониторинг тобы "СК-Фармация" ЖШС қоймаларының бірінде болды. Осы жерден түрлі елдерден келген гуманитарлық көмек өңірлер бойынша бөлінеді. Мәселен, 1 шілдеден бастап бүгінге дейін облыстық логистикалық қоймалар бойынша Қатар елінен келген жүк тасымалданды. Бұдан әрі ол дәрі-дәрмектерді медициналық мекемелерге бөлетін жергілікті Денсаулық сақтау басқармаларына беріледі. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан жеткен көмек бөлініп жатыр.

Кейбір әлеуметтік желілерде шетелден келген және ауруханаларға беруге арналған гуманитарлық көмектің бір бөлігі дәріханалардың сөрелеріне түседі деген ақпарат таралып жатыр. Мәліметті "СК-Фармация" ЖШС басқарушы директоры Қанат Иманбердиев түсіндірді.

"Бұл мүмкін емес, өйткені нақты регламент пен нормативтер бар. Бұл қабылдау және беру бойынша барлық бастапқы құжаттаманың толық өтуі. Барлығы қатаң реттелген, тиісті нормативтер бар және олар сақталады. Мұнда қандай да бір ұрлық жоқ, сол сияқты белгілі бір препараттар коммерциялық нарыққа шықпайды", – деді ол.

Сонымен қатар, Қанат Иманбердиев медұйымдар мен стационарларда дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды деп сендірді.

"СҚ-Фармация" тарапынан қамтамасыз ету жүргізу үшін алдын ала өтінім мен соңғы өтінім рәсімі бар. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар берген барлық өтінімдер бойынша осы препараттарды жеткізудің нақты кестесі бар әрі ол қатаң сақталады. Біздің бюджеттің даму жоспары шеңберінде логистикалық тізбекті өту регламенті бар. Ол бір жылда 6 мәрте жеткізуді білдіреді. Жеткізу әр 2 ай сайын жүреді. Осы кестелердің бәрі медициналық ұйымдар тарапынан жүруде. Медициналық ұйымдарда тапшылық туралы айтуға да тура келмейді, өйткені олар өз нормативтері бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Төсек-орындар, медициналық қызметтер тарифі туралы түсінік бар. Сәйкесінше, әрбір медициналық қызмет көрсету фармацевтикалық қамтамасыз етуді білдіреді", – деп атап өтті бірыңғай дистрибьютор өкілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Ғани Асанұлының айтуынша, ведомство "СҚ-Фармация" ЖШС қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Оның айтуынша, талдау жүргізу жыл басында жоспарланған болатын.

"Талдау жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Бұл талдау жылдың басында кесте бойынша жоспарланғанын атап өткен жөн. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ "СҚ-Фармация" ЖШС қызметкерлері, қоғам өкілдері қатысты. Бұл талдау ашық болып саналады және бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізілетін болады. Талдау барысында біз бүгін сіздермен бірге қоймаларға барамыз, онда белгілі бір дәрілік заттар бар, олар алдағы уақытта ел аумағына бөлінетін болады", – деді Ғ.Асанұлы журналистерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу