"СҚ-Фармация" компаниясына жаңа өкілеттік берілді

938

Қаулы 23 шілдеден бастап күшіне енген.

"СҚ-Фармация" компаниясына жаңа өкілеттік берілді

Үкімет қаулысымен "СҚ-Фармация" компаниясына жаңа өкілеттік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"СҚ – Фармация" ЖШС-ға дәрі-дәрмектерді кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағалар бойынша сату үшін көтерме сатып алу жөнінде өкілеттік берілсін", –деп жазылған Үкімет қаулысында.

Қаулы қол қойылған күні яғни 23 шілдеден бастап күшіне енген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин "СҚ-Фармация" компаниясына дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге таратуды тапсырған болатын.

"СҚ-Фармация" осы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін. Сондай-ақ дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын", – деді өткен аптада өткен Үкімет отырысында Асқар Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу