"СК Фармация" мен МӘМС қорының жаңа басшылары сенімді ақтай ала ма?

820

Үлкен сыннан кейін қос мекеме – "СК Фармация" мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылар ақыры ауыстырылды.  

"СК Фармация" мен МӘМС қорының жаңа басшылары сенімді ақтай ала ма?

Үкіметтің ұйғарымымен енді дәрі-дәрмек бірыңғай дистрибьюторының жетекшісі болып 44 жастаға Ерхат Искалиев тағайындалды, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Бұған дейін бұл қызметте 39 жастағы Шәріп Берік 4 ай отырған. Алайда пандемия кезінде елде препараттар тапшылығы тудырып, компания жетекшісі дұрыс менеджмент жүргізе алмайтындығын көрсеткен. Қазір "СК Фармация" қызметіне қатысты тексеру басталды. Сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік мединицалық сақтанды қорының басшысы 44 жастағы Айбатыр Жұмағұлов босатылып, оның орнынан 48 жастағы Болат Төкежанов тағайындалды.

 Сөзден іске көшу керек! Қазақстандықтар әкімдерге сенбейді. Атамекен бизнес арнасы жүргізген сауалнамаға тұрғындар осылай жауап берді. Бағаның қымбаттауы, дәрі-дәрмек тапшылығы бұл биліктің жүйесіздігінде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі пандемиямен күресте нәтиже бермеген Үкімет жұмысын сынға алған болатын. Енді бұл олқылықты түземесе, жыл соңында біқатар шенді орнынан кетуі мүмкін. Ал, қазіргі әкімдерге халықтың көңілі тола ма?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу