СҚ-Фармация сотында экс-вице-министрден жауап алынды

903

Денсаулық сақтау министрлігі қорғаныш киімдердің маскасыз сатып алынғанын білген, деп хабарлайды Atameken Business  

СҚ-Фармация сотында экс-вице-министрден жауап алынды

Ақпаратты бүгін СҚ-Фармация сотында ведомствоның экс вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты. Сөзінше, Берік Шәріп комиссия отырысының бірінде медициналық құралдардың толық көлемде сатып алмайтынын айтқан. Айыпталушы бұны уақыттың тығыздығымен байланыстырған деді. Сол үшін қорғаныш костюмдердің техникалық сипаттамасы да бірнеше рет өзгерген екен. Өз кезегінде, бұл 2000-ға жуық дәрігердің коронавирусқа шалдығуына әкеп соқтырған. Сондай-ақ Бюрабекова жалпы, 10 мыңға жуық вирус жұқтырған дәрігерге тексеріс жүргізілгенін айтты. Нәтижесінде мамандардың ауруға қорғаныш киімдерінің тапшылығы мен қауіпсіздік шараларын сақтамағанынан шалдыққаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу