"СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиевтің ай сайын алатын жалақысы 1 млн 404 мың теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Журналист брифингке қатысқан департамент және комитет басшыларынан да жалақы мөлшері туралы сұрады.
"Біз мемлекеттік қызметкер болғаннан кейін, дәрі-дәрмек саласының ғана емес, кез келген министрлікте департамент директорының немесе комитет директорының арнайы бекітілген тарифі болады. Сол бойынша біз айлық аламыз. Өзімнің айлығым департамент директоры ретінде 500 мың теңге", – деді ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу