"СҚ Фармацияның" бұрынғы басшысы 2 айға қамауға алынды

926

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӘМС қоры мен "СҚ Фармация" басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.    

 "СҚ Фармацияның" бұрынғы басшысы 2 айға қамауға алынды

"СК-Фармация" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Мұны бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері растады. Экс-төрағаға Төтенше Жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алуда өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша айып тағылған. Қазір Берік Шәріп Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Бұдан өзге ақпаратты агенттік өкілдері тергеу мүддесі үшін жария етпеді. Еске сала кетсек,  13 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, елдегі дәрі тапшылығына қатысты даудан кейін, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СҚ Фармация" басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу