СК "Фармацияның" бұрынғы басшысы 6 жыл рұқсатсыз қару сақтап келген

1334

СК "Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп атыс қаруын сақтаған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы сотының онлайн отырысында прокурор Дастан Купербаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

СК "Фармацияның" бұрынғы басшысы 6 жыл рұқсатсыз қару сақтап келген

Бұған дейін бірінші сот отырысында судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 4-бөлімінің 3-тармағы және 287-баптың (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 2-бөлімі бойынша қаралып жатқанын мәлмдегені туралы хабарланған болатын.

"Сонымен қатар, Берік Шәріп қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы келесідей қасақана қылмыстар жасаған. Шәріп 2006 жылдың қазанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып, облыстың денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеді. Аталған кезеңде Шәріп Шымкенттің "Арсенал" ЖШС-нің қару-жарақ дүкенінен 18х45 калибрлі МР-461 "Стражник" ұңғысыз атыс қаруын, сондай-ақ тапаншаға жарақат салатын патрондарды сатып алды", – деп хабарлады Дастан Купербаев.

Ол жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы Заңның 6-бабына сәйкес ұңғысыз атыс қаруы қызметтік қаруға жататынын айтты. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға ІІО-дан қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат алған заңды және жеке тұлғаларға рұқсат етіледі.

Алайда оның айтуынша, Шәріптің атыс қаруын сақтауға және алып жүруге тиісті рұқсаты жоқ және 2007 жылдың тамызынан 2020 жылдың 6 тамызына дейін өзін-өзі қорғау тапаншасын заңсыз сақтаған.

Сондай-ақ, сотта 2020 жылдың 6 тамызында Шаріптің тұрғылықты жерін тінту кезінде көрсетілген тапанша, пайдалану кітабы, жарақат салатын 4 патрон және атыс патронынан бір гильзасы табылып, тәркіленгені туралы хабарланды.

"Кешенді баллистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес тапанша жарақат салатын атыс қаруы санатына жатады, бұзылмаған, оқ атуға жарамды, патрондар да оқ атуға жарамды, – деп түсіндірді Купербаев.

Прокурор ІІМ ӘПК жауабына сәйкес жоғарыда аталған қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге құжаттар берілмегенін еске салды.

"Шәріп 2014 жылдан бастап 12 калибрлі МР-153 және 12 калибрлі ИЖ-27 моделді екі тегіс ұңғылы қарудың иесі. Осылайша, Шәріп Қылмыстық кодекстің 287 – бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады, яғни атыс қаруын заңсыз сақтау", – деп атап өтті прокурор.

Серік Селеубайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу