"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

1096

Берік Шәріпов қылмыстық кодекстің екі бабаы бойынша айыпталып отыр.

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

Нұр-Сұлтанның Есіл сотында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 4-бөлімінің 3-тармағы және 287-баптың (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 2-бөлімі бойынша қаралып жатқанын хабарлады.

9 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте "СК Фармация" ЖШС бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

Қаңтарда СК-Фармацияның бұрынғы басшысы Берік Шәріп бастапқыда лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айыпталды, бірақ кейінірек бұл іс немқұрайлылық туралы бап бойынша қайта сараланды.

2020 жылғы 14 тамызда соттың санкциясымен Берік Шәріп қамауға алынды.

Серік Селеубайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу