"Скандинавиялық әуе жолдары" компаниясының ұшқыштары ереуілге шықты

844

Наразылық акциясынан компанияға күн сайын 3,5 миллион еуро шығын келеді.

"Скандинавиялық әуе жолдары" компаниясының ұшқыштары ереуілге шықты

"Скандинавиялық әуе жолдары" компаниясының ұшқыштары жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Даниялық, норвегиялық және швециялық мамандар еңбекақы көлемін көтеріп, жұмыс кестесін өзгертуді талап етіп жатыр. Осыған байланысты компанияның 70-тен астам рейсі кейінге шегерілді. Ереуілден 170 мың жолаушы зардап шегуі мүмкін. Ал бірлестік басшылығы ұшқыштардың талап етіп отырған жалақы көлемі тым көп дегенді айтады.

Бұған дейін тараптар келіссөз жүргізіп, ешқандай келісімге келе алмады. Ал сарапшылардың айтуынша, наразылық акциясынан компанияға күн сайын 3 жарым миллион еуро шығын келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу