Skate Canada: Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 6-орында келеді

1083

Қазақстандық спортшы 61.19 ұпай жинады.    

Skate Canada: Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 6-орында келеді

Канаданың Лаваль аймағында өтіп жатқан Skate Canada Гран-при турнирінде қысқа бағдарлама аяқталды. Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева əзірге 6-орында деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы 61.19 ұпай жинады. Ал бірінші орында ресейлік Елизавета Туктамышева. Ол қысқа бағдарламаны таза орындап, 74.22 ұпай жинады.

Екінші орында жапониялық Вакаба Хигучи (66.51), үшінші сатыда тағы бір жапондық Мако Ямашита (66.30).

Айта кетелік, қысқа бағдараламадан соң Элизабет Тұрсынбаева екі дүркін əлем чемпионы, ресейлік Евгения Медведевадан да биік тұр. Бағдарламаны орындау кезінде құлап қалған Медведева жетінші орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу