Рудныйда жастарға жаңа демалыс орны ашылды. Қалалық алаңда Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің қолдауымен кең скейт саябақ орнатылды, деп хабарлайды "ССКӨБ" АҚ корпоравтивтік коммуникациялар қызметі.
"Горняк" қонақ үй кешенінің аумағында орын тепкен жаңа памп-трек пен скейт саябағының жалпы ауданы 800 шаршы метр. Мұнда барлық қала тұрғындары қалауы бойынша BMX маркалы велосипеді мен скейт тебе алады. Жаңа демалыс орнын ССКӨБ-тің қолдауымен алматылық "SporttechKazakhstan" шығарушы-компаниясы орнатты.
"Бірнеше алаңшадан тұратын мұндай үлкен жобамен біз бірінші рет жұмыс жасап отырмыз, – деді компания менеджері Мағжан Қайратұлы. – Бұрын бір ғана спорт түріне арналған жеке-жеке скейт саябақшаларын Алматы мен Петропавл қалаларына орнатқан едік. Аталған жоба қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес әзірленді".
Жобаны жүзеге асыруға кәсіпорын 30 млн теңге қаржы бағыттады. Енді рудныйлық BMX рейдерлері, скейтерлер, ролик тебудің фанаттары үшін жазғы кешті қызықты өткізетін орын бар.