"Қазпошта" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Сәкен Сарсенов компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Өмірзақ Шөкеев "Қазпошта" АҚ ұжымымен кездесуінде Бағдат Мусинге компанияның өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
"Компания мен жалпы сала үшін қиын кезеңде, яғни 2015-2016 жылы, Қазпоштаның қаржылық және операциялық қорытындылары бойынша жоғары нәтижелерге жетіп, "Қазпочта" АҚ дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар Бас прокуратурадағы жауапты қызметіңізде алдыңызға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды жүзеге асыруыңызға тілектеспін", - деді Өмірзақ Шөкеев .
Қазпошта ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстыру барысында Өмірзақ Шөкеев: "Сәкен Сарсенов өзін білікті жетекші ретінде көрсетті. ҚР байланыс саласындағы, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру, "Азаматтарға арналған үкіметті" қалыптастыру және жаңғырту бағытындағы атқарған жұмысы "Қазпошта" АҚ табысты басқаруына мүмкіндік беретініне сенеміз", - деді.