Скляр Балқаш қаласының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

362

Балқаш ЖЭО-сында жаңа, бесінші қазандықтың құрылысы жалғасуда.

Скляр Балқаш қаласының жылу беру маусымына дайындығын тексерді Фото: gov.kz

Жөндеу жұмыстарымен негізгі және қосалқы жабдықтар қамтылған. Осы шаралардың барлығы жылу тапшылығы мәселесін шешеді және тұрғындардың үйлеріндегі жылумен жабдықтауды жақсартады. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Балқашқа жұмыс сапарында осындай есеп берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазір жылу магистралінде №5 қазандықтың жекелеген шағын тораптарын монтаждау аяқталуда. Осыдан кейін жабдық гидравликалық сынақтан және газ-ауа жолының тығыздығын тексеруден өтеді. Болашақта қазандықты орнату "Kazakhmys Energy" ЖШС БЖЭО жұмысын жақсартып қана қоймай, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға тиіс.

Компания "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасына кіру үшін ҚР Энергетика министрлігіне өтінім берді. Осының арқасында жабдықтарды жаңарту мүмкіндігі пайда болады.

"Биыл жөндеу науқанына өткен жылмен салыстырғанда көп қаражат бөлінді – 4,2 млрд теңге. Жылыту маусымының сапалы өтуі үшін екі қазандық пен екі турбинаны күрделі жөндеуден өткізуге дайындау қажет. Жылу беру маусымы басталғанға дейін қоймаларда отын болуы үшін көмір қорын тез қалыптастыру қажет. Қазір бұл мәселені ҚТЖ және әкімдікпен пысықтап жатырмыз", — деді "Kazakhmys Energy" ЖШС басшысы Темірлан Өтегенов. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жылу және су құбыры желілері жөнделетін учаскелерде болды. 2022 жылы қалада №1 және 2 магистралдық жылумен жабдықтау желілерін қайта құру басталды. Жоспарланған 10,6 шақырымның 5,2-сі ауыстырылды. Жұмыс 2024 жылы аяқталуға тиіс. 

Сондай-ақ өткен жылы Балқашта 2-ші және 3-ші кезектегі қалаішілік су құбырын қайта жаңарту басталды. 124 км құбыр жаңартылады деп көзделіп отыр. 2022 жылы құрылысшылар 8,6 км желі салды. Биылғы жоспарда – 30 км. Жұмыс бір уақытта бес учаскеде жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу