Солтүстік Қазақстан әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
"Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ. Ол кулуарда талқыланып жатыр. Мен халықтың ұстанымын қолдаймын. Көшелердің атауын (әкім қала атауын меңзегені болуы мүмкін – автор) бір адам өзгертпейді, оны қоғам шешеді", - деді Құмар Ақсақалов "Астана" телеарнасына берген сұхбатында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу