СҚО әкімі Самал Еслямоваға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады

821

СҚО әкімі Самал Еслямоваға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов Канн фестивалінде марапатқа ие болған актриса Самал Еслямоваға Петропавлдағы үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейсенбі күні облыстық әкімдікте Самал Еслямовамен кездесуге актрисаның туған-туыстары, ұстаздары, өзі оқыған өнер колледжінің студенттері жиналды.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, Самал – Солтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы.

"Біздің еліміздің және ТМД мемлекеттерінің бірде-бір актері мұндай жоғары марапатқа ие болған жоқ. Қазақстанның тумасы – фильм режиссері Сергей Дворцевоймен бірге жеткен жетістігің – қазақстандық киноиндустрияны дамыту және насихаттау саласында келер ұрпақ үшін үлгі", — деді әкім.

Актриса өңір басшысы мен жиналғандарға ыстық ықыласын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу