СҚО әкімі жаңа жылда қаланы безендіруге бюджеттен қаржы қарастырмауды тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа 2018 жыл жақындап келедi. Жуық арада бұл мерекеге дайындық басталады. Жыл сайын Петропавлда жаңажылдық безендiруге бюджеттен ақша бөлiнiп келдi. Облыстық әкiмдiктiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қала басшылығына бұл мақсатқа қаржы бөлмеудi тапсырды. Өңір басшысының айтуынша, жаңажылдық безендiруге арналған заттарды қайта қолдану арқылы мәселенi тиiмдi шешуге болады.
"Қалада былтырғы шыршалар, иллюминациялар мен гирляндтар бар. Соларды қолдану керек. Мұз қалашықтарын демеушiлердiң көмегiмен салуға болады", - деді Құмар Ақсақалов.
Облыс әкiмiнiң айтуынша, үнемделген қаржы қаланы абаттандыруға бағытталуы керек.