СҚО арыстықтарға 100 миллион теңге аударады

796

Жарылыстан зардап шеккен арыстықтарға Петропавлдан гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді.

СҚО арыстықтарға 100 миллион теңге аударады

Облыста гуманитарлық көмек жинау үшін шұғыл штаб құрылған. Керуенге жауапты Алтынбек Абдуллаевтің айтуынша, жиналған заттар 110 тоннаға жуық. 5 жүк көлігінен құралған керуен бүгінде жолға шыққан. Сондай-ақ бір күндік жалақы аудару да ұйымдастырылады.

"Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы шотқа 100 миллион теңгеден астам қаржы түседі деп болжанып отыр",– деді Алтынбек Абдуллаев.

Айта кетсек, гуманитарлық көмек жинау келер апта да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу