2022 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабы және 680-бабы бойынша 10 әкімшілік материал толтырылды, оның ішінде 9 материал бойынша жалпы сомасы 2,6 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 6,3 млн теңге мөлшерінде алынған кіріс тәркіленді және 1 іс сотта қаралуда.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді мониторингілеу барысында жемқорлықтың 126 субъектісі жоғарыда көрсетілген шектеулерді бұзғаны анықталды. Көп жағдайда бұл Заңмен осындай қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері. Қазір қызметкерлер процессуалдық шешім қабылдау үшін әрбір фактіні егжей-тегжейлі зерттеп жатыр", – деді Нұрлан Жахин.
Атап айтқанда, Департамент 680-бап бойынша лауазымды тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбай тағайындау фактілерін анықтады. Бүгінгі таңда 6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.