Ғабит Мүсірепов ауданындағы Жембарақ, Ақан-Бұрлық және Шарық өзендері тасып, Рузаевка, Чистополье, Раисовка, Құйған елдімекендеріне су жайылды.
Қауіпті аумақтардан 700-ден астам адам көшірілді. Олардың дені туған-туыс, көршілерінде тұрып жатыр.
Топан су 235 үйді шайып кетті. 100-ден астам мал қырылып қалды. Қазіргі уақытта осы ауылдарда жедел құтқару штабтары құрылды.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері арнасынан адасқан ағысты бұрып, қап-қап құммен бекітіп жатыр. Бұл шараға 50 шақты адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу