СҚО-да 4 млн гектарға егін егіледі

797

СҚО-да 4 млн гектарға егін егіледі

Солтүстік Қазақстан облысында 4 млн гектар жерге егін егіледі. Дәнді және майлы дақылдардан бөлек, бұршақ тұқымдастар соңғы 3 жылда 5 есе көбейген. Теріскейліктер әлі де бидайға басымдық беріп отыр, үлесі шамамен 70 пайыз.

Шенеуніктердің айтуынша, аймақ диқандары тұқым қорымен толық қамтылған. Қоймада сақталған 490 мың тонна тұқымның 90%-ы бірінші және екінші сұрыпты дәндер. Былтыр өңір диқандары 5 млн тоннадай астық жинап, рекордты көрсеткішке қол жеткізген. Дәнді және майлы дақылдарды, ұн өнімдерін экспорттаудан 300 млн доллар пайда түсіпті. Жалпы республикада 22 млн гектар жерге егін егілуі тиіс.

Автор: Құралай Пионер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу