СҚО-да 4 жасар баладан коронавирус анықталды

683

Қазір бүлдіршін Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.

СҚО-да 4 жасар баладан коронавирус анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы туған бала Covid-19 індетін жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бала – Петропавл қаласының тұрғыны. Ол провизорлық стационарда әкесімен бірге жатқан. Карантинге шығарар алдында жасалған талдау оң нәтиже берген. Қазір бүлдіршін Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу