Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға Мамлютка аудан орталығында 8 тамыз күні кешке болған, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Ауласындағы шаруашылық үй-жайдан пышақ жарақатын алған 39 жастағы әйел мен 3 жастағы қызының денесі табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қылмыс жасады деген күдікті – әйелдің 25 жастағы танысын ұстады, ол Мамлют ауданының бұрын сотталған тұрғыны", – деп полиция ақпарат берді.
Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөліміне сәйкес (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр.
Бұл бап бойынша айыпты деп танылса, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.