Солтүстік Қазақстан облысында "BioOperations" ЖШС базасында экожүйе сипатындағы кооператив құрылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz. осындай
"Бұл жобалар Мемлекет басшысының 7 ірі экожүйе құру тапсырмасының ажырамас бөлігі болады, оның шеңберінде дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру мен өңдеу экожүйелерін құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Мәселен, өсімдік шаруашылығында зәкірлік "BioOperations" ЖШС кәсіпорнымен Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және өңдеу жөніндегі экожүйе құрылуда. Экожүйе кооперация қағидаты бойынша астықты тереңдетіп өңдейтін зауытты, құрамажем зауытын, құс кешенін, тауарлық сүт фермасын және осы кәсіпорындарды ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіреді. Осындай экожүйелерді елдің барлық өңірлерінде өңірлік мамандануды ескере отырып құру жоспарлануда", - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметтің отырысында.
Есжан Ботақара