СҚО-да ауруханаға жеткізілген қыз бала көз жұмжы

1137

Дәрігерлердің айтуынша, қыз балаға  менингит деген алдын–ала диагноз қойылған.

СҚО-да ауруханаға жеткізілген қыз бала көз жұмжы

Солтүстік Қазақстан облысында қыз бала менингит жұқпасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Atameken business.

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Дәрігерлердің айтуынша, қыз балаға  менингит деген алдын–ала диагноз қойылған. Енді оның нақты неден қайтыс болғаны сараптама нәтижесі арқылы анықталмақ.

Айта кетейін, бұған дейін Алматы облысында 3 оқушы менингит диагнозымен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің жіті бақылауында жатқан олардың денсаулығы қазір бірқалыпты.

Еске салайын, жыл басынан бері елімізде менинго кокк инфекциясын 62 адам жұқтырған. Өкінішке қарай, оның 13-і ауру салдарынан көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу