СҚО-да белгілі спортшының отбасы 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған

198

Бұл оқиға туралы бірқатар БАҚ-та жарияланды.

СҚО-да белгілі спортшының отбасы 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған Фото: instagram.com/ordakazakhstan

Солтүстік Қазақстан облысында танымал спортшы Айша Уәлишанның отбасы ауылда 23 жастағы жігітті 10 айдан артық құлдықта ұстап келген. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Мұқан Негматов журналистерге қалай құлдыққа түскені, қандай зәбір көріп, қалай қашып шыққаны туралы айтып берген. Жігіттің айтуынша, әйелдер күресі бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері Айша Уәлишан және оның отбасы 2023 жылы СҚО Уәлиханов ауданы Жасқайрат ауылына 500-600 мың теңге жалақы төлейміз деп алдап әкелген. Спортшының күйеуі Әлфараби ұрып-соғып, қара жұмысқа жеккен, зорлық әрекетке барған.

Құмар ойындарға берілген ер адам Мұқанның жақындарын да алдап, қорқытып, ақша алған. Жасқайрат ауылындағы Диас деген жігіттің көмегімен құлдықтан қашқан Мұқан Негманов және оның отбасы қазір халықтан және құқық қорғау органдарынан көмек сұрап отыр.

СҚО Полиция департаменті бұл деректі растады.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында мұқият тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық дәлелдер мен айтылған сөздер қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұқият тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды", – делінген СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу