СҚО-да дәрі-дәрмек өндіретін зауыт салынады

1448

Жобаның құны – 30 млн доллар.

СҚО-да дәрі-дәрмек өндіретін зауыт салынады

Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік инвестор фармацевтикалық зауыт салады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Kazakh Invest" ұлттық компаниясының мәліметінше, зауыт "Qyzyzljar" арнайы экономикалық аумағында салынады деп жоспарланып отыр.

"Алдағы 5 жылға талдау жүргіздік. Дәрі-дәрмектерге сұраныс артуы мүмкін. Сондықтан Қазақстанда өндірісті іске қосу керек деген қорытындыға келдік. Бізге жобаны іске асыру шарттары, оның ішінде мемлекет ұсынатын жеңілдіктер мен преференциялар ұнады. Қазақстандық серіктес компаниямен бірге СҚО-да жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды", - деді "Bright Way Group" компаниясы директорлар кеңесінің төрайымы Людмила Щербакова. 

Зауыт жылына 150 млн ампула, 1 млрд таблетка және 200 млн капсула өндіре алады. Ресейлік инвесторлар жобаға 30 млн доллар бөлмек. 

"Өткен жылы осы жоба бойынша келіссөздер басталды. Инвесторлардың барлық сұрағына жауап бердік. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Ресейге 2 рет бардық. Бұл инвестордың шешім қабылдауына айтарлықтай есер етті деген ойдамын", - деді "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Данияр Шалабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу