Солтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірім суға кетті

242

Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірім суға кетті Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі жасөспірімнің денесі өзен арнасынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оқиға бүгін Бескөл ауылының маңында, Есіл өзенінің арнасында болған. 2009 және 2012 жылы туған екі баланы іздеуге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы, 3 техника және ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 14.40 минут кеткенде жасөспірімдердің денесі табылып, судан шығарылды.

Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

СҚО-да суға шомылу маусымы басталғалы осымен 6 адам мерт болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу