СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы атап өтілді

789

Солтүстік өңірге жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақиық ақынның мерейтойын жоғары деңгейде өткізіп, мәдени-тағылымдық іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды. 

 СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы атап өтілді Фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Қазақтың біртуар ақыны, Алаш қайраткері, публицист, педагог, СҚО тумасы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толды.

Мерейтойдың негізгі салтанатты шарасы ұлы ақынның туған жері - Сарытомарда өтті. Президенттің атынан құттықтау хатын мерейтойға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов оқып, барша жиналған қауымды Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығымен құттықтады.

Мерейтойда солтүстікқазақстандықтар мен қонақтардың алдында сөз сөйлеген СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаевтың ел тарихында алар орны ерекше екенін айтып, ұлы тұлғаның өнегелі шығармашылығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

"Мағжан салған сара жолды болашақ ұрпаққа жеткізу, артында қалған ұлы мұрасын дәріптеу — ортақ парызымыз. Мағжан аңсап кеткен Тәуелсіздігімізді бекемдеп, елімізді дамыту – баршамызға үлкен міндет", — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Биыл Мағжан жылы деп белгіленіп, мерейтойға орай жыл басынан бері түрлі шаралар өткізілуде. Жазба ақындар мүшәйрасы мен халықаралық ақындар айтысы көптің көңілінен шықты. Шетелдік және отандық зиялы қауымының басын қосқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мағжанның мұрасы туралы тың ойлар айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу