СҚО-да олово мен вольфрам кеніштері игеріледі

790

Вольфрам кеніштерін игеру үшін нормативтік құжаттар қабылдануы керек.

СҚО-да олово мен вольфрам кеніштері игеріледі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аграрлық өңірді өнеркәсіптік аймаққа айналдырмақшы. Ол үшін инвесторлардың көміегімен вольфрам өндіретін 2 кәсіпорын салмақшы.

"Бүгінде біздің облыста ірі жер қойнауын пайдаланушы жоқ. Тарихи тұрғыда осындай жағдай қалыптасқан екен. Бірақ өңірде олово мен вольфрамның ірі қоры бар. Осы өндіріске қаржы салуға дайын отырған инвесторлар да бар. Олово бойынша жобаны қолға алғанымызға бірнеше жыл болды. Қажет инфрақұрылымның бәрі тартылды. Қазір кенішті аршу жұмыстары басталды. Кәсіпорын құрылысының қарқынын арттыруға пандемия кедергі келтірді. 
Ал вольфрам бойынша екі жобамыз бар. Бірқатар нормативтік құжаттарға қол қойылуын күтіп отырмыз. Бұл жобалар сол кезде ғана іске асатын болады. Осылайша ірі тау-кен кәсіпорындарын салып, вольфрам шығаратын болады. Осының арқасында мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Осылайша біздің облыстың экономикасының құрылымы да мүлде басқа кейіпке енеді", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу