СҚО-да тоқтап тұрған бiрнеше кәсiпорын iске қосылады

624

СҚО-да тоқтап тұрған бiрнеше кәсiпорын iске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында тоқтап тұрған бiрнеше кәсiпорын iске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың бiрiншi болған нысаны — "Bio operations" ЖШС, яғни бұрынғы "Биохим" зауыты.

Бiрегей кәсiпорын 2005 жылы құрылған болатын, содан бiрнеше жылдан берi тоқтап тұрды. Қазiр онда қалпына келтiру жұмысы жүргiзiлiп жатыр. Ол "Bio operations" компаниясының инвестициясын тарту есебiнен мүмкiн болып отыр.

Қайта жарақтандыру өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Қорытындысында зауыт жаңғыртылды, ендi жыл соңына дейiн оның крахмал мен ақуыз шығаратын бiрiншi желiсiн iске қосу жоспарланып отыр.

Кәсiпорын 2018 жылы толық қуатында iске қосылады. Сол кезде зауытта 220 жаңа жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу