СҚО-да жазасын өтеушілер жоғары білім алып, баспанаға ақша жинай алады

431

Елімізде тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеушілер қашықтан жоғары білім алуына жағдай жасалады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

СҚО-да жазасын өтеушілер жоғары білім алып, баспанаға ақша жинай алады Фото: tengrinews.kz

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Біләловтың дерегінше, қазіргі уақытта жергілікті университеттердің көмегімен Облыстың білім басқармасымен меморандум жасау мәселесі пысықталуда. Оқыту үшін сотталғандарға жаңа компьютерлер орнату жоспарлануда.

"Бұдан басқа, сотталғандар енді тұрғын үйге бастапқы жарнаны жинақтау үшін банкте депозит аша алады. "Отбасы банкімен" меморандум жасасу шеңберінде сотталғандар тапқан қаражаттарын жеке шоттан депозит шотына өтініш жазу арқылы аудару мүмкіндігіне ие болады", делінген ақпаратта.

Айта кету керек, қашықтан оқытуды ұйымдастыру және сотталғандар үшін депозит ашу жұмыстары елімізде алғаш рет жүргізілуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу