23 сәуір күні сағат 14.00 кезінде "Челябі-Новосібір" автожолының 557-шақырымында "ГАЗ-А65R52" маркалы көлік жол апатына ұшырады. Салдарынан 2005 жылы туған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. 5 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Басталған сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаға қатысты жазба әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апаты облыс орталығынан 20 км жерде, Асаново елді мекенінің маңында болған. Петропавл-Ганькино бағыты бойынша жүретін көліктің жүргізушісі ұйықтап кеткен деген болжам бар.