СҚО-да жолды су шайып кетті

834

Тасқын салдарынан жол төсенішінің бөлігі бұзылған.

СҚО-да жолды су шайып кетті

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында республикалық маңызы бар М-36 "Екатеринбург – Алматы" автожолының 835 шақырымында жолды су шайып кетті, деп хабарлайды "ҚазАвтожол" баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының "Чистополье" елдімекенінің маңындағы Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көпірдің жанындағы айналма жолды су шайып кетті. Тасқын салдарынан жол төсенішінің бөлігі бұзылған.

"Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеуде. Бұл жағдай "ҚазАвтожол" ҰК АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының және облыс жол қызметінің бақылауында", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу