Ақмола облысында жолдың жабылуына байланысты 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Атап айтар болсақ:
- А-1 "Астана – Петропавл" жолының 341-367 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
- А-13 "Көкшетау – Омбы" жолының 50-54 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
- Р-11 "Көкшетау – Рузаевка" жолының 61-91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу