СҚО-да жолға бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенеунік ұсталды

668

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы тергеу изоляторына қамалды.  

СҚО-да жолға бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенеунік ұсталды Фото: inform.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап жазады.

Ресми мәлімет бойынша, СҚО әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, "Коммунхоз" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және жол-құрылыс компаниясының басшылығына қатысты жымқыру, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Олар Петропавл қаласының автожолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, осы жұмыстарды орындаумен байланысты пара беру және алу бойынша күдікті. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды" - делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу