СҚО-дағы ЕС-164/6 әйелдер колониясында, "Шмагнов" шаруа қожалығында "Борис" деген пони бар. Жануар сотталғандардың стресін жеңуге көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Сотталған әйелдер оған әбден үйреніп қалған. Жануар басында үріккенімен, қазір өзі де адамдарды бөтенсімей, керісінше алақанына маңдай тосатын болған", – деп жазады ақпарат порталы.
Мекеменің психологтары сотталғандардың жануарға құмар екенін байқап, иппотерапия сеансын өткізген. Мамандардың айтуынша, иппотерапия психикаға оң әсер етеді. Тұйық адамдар оған ашылып сыр айтады, іштегі күйзелісін шығарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу