СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысына үкім шығарылды

880

Мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету мақсатында сот процесіне сотталушының әріптестері қатыстырылды.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысына үкім шығарылды

Петропавл қалалық сотының үкімімен Қабдрахман Сақтағанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Оған жаза мерзімінде үйқамақта ұстау уақытын есепке алуды ескере отырып, 5 807 478 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz жемқорлыққа қарсы агенттіктің СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқара алмайды.

Ал Айнагүл Қарабаеваға лауазымды тұлғаға пара бергені үшін пара сомасының 20 еселенген көлемі ­– 4 000 000 теңге айыппұл кесілді. Тергеу барысында "Денсаулық" жеке коммерциялық емес мекемесінің жетекшісі Қарабаева биылғы жылдың 23 қыркүйегінде жас дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету мәселесі бойынша уәкілетті және атқарушы органдар алдында мақұлдау алу үшін Сақтағановқа 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бергені анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу