СҚО: құны 7,1 млрд теңге болатын 20 мемлекеттік сатып алу тоқтатылды

199

Кінәлі лауазымды тұлғаларды заң бойынша жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.

СҚО: құны 7,1 млрд теңге болатын 20 мемлекеттік сатып алу тоқтатылды Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талдау аясында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары заң талаптарын бұза отырып, 3,6 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын жүргізген. Құжатта мекенжайлар, атқарылатын жұмыстың көлемі көрсетілмеген.

Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлімі заң талаптарына қайшы, мекенжай мен жұмыс көлемін көрсетпей аулаларды асфальттау бойынша сомасы 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізген.

Есіл ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн теңгеге көмір сатып алмақ болған.

Қазіргі уақытта қадағалау органының араласуынан кейін бұл мемлекеттік сатып алулар жойылды, кінәлі лауазымды тұлғаларды заң бойынша жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 20 мемлекеттік сатып алуды жойып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді.

Заң бұзушылықтар бойынша 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жетеуі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, олардың 4-і жұмыстан босатылды және 3-і толық қызметтік сәйкессіздігі туралы ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу