СҚО Мамлютка ауданының тұрғындарын маньяк туралы ақпарат дүрліктірді.

641

"Мамлютка қаласында, жұмысшы кентінде маньяк пайда болыпты, кешкілік өз құрбанын аңдиды".

СҚО Мамлютка ауданының тұрғындарын маньяк туралы ақпарат дүрліктірді.

Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка аудан орталығының тұрғындарын маньяк туралы ақпарат дүрліктірді. WhatsApp мессенджері арқылы ер адамның суреті таралған және оның іздеуде жүрген қауіпті адам екені айтылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Сақ болыңыздар! Мамлютка қаласында, жұмысшы кентінде маньяк пайда болыпты, кешкілік өз құрбанын аңдиды. 2020 ж. 30 шілдеде бойжеткеннің соңынан қуған, абырой болғанда, қашып құтылған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған",– деп жазылған таралған ақпаратта.

Тәртіп сақшылары бұл жалған хабарламаның авторын анықтады. Аудан орталығының 27 жастағы тұрғыны Мамлютка қаласында тұратын 1982 жылы туған танысының суретін пайдаланып, өтірік хабарлама жазған. Оның айтуынша, әлгі танысын жақтырмайды екен, сондықтан осындай әрекетке барыпты.

"Тамыздың 3-і ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2-бөлігі "Жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Нәтижесінде жәбірленуші талап-арызынан бас тартып, өз жерлесімен татуласуға келісті",– дейді құқық қорғау органынан.

"Бұзушының 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасына тартылатынын атап өткен жөн", – деп түсіндірді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу